• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жамбыл облысында «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасын қаржыландыру 3 есеге өсті

Жамбыл облысында «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасын қаржыландыру 3 есеге өсті

7 Қазан, 2013 16:40
«Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасын қаржыландыруға 7млрд. теңге бөлінген, ол өткен жылмен салыстырғанда 2,9 есе артып отыр, деп Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

 «Ағымдағы жылдың 9 айында Жұмыспен қамту орталықтарынан 4949 адам кеңес алып, оның ішінде 4786 -мен әлеуметтік келісім-шарт жасалды, бұл өткен салыстырғанда сәйкесінше 1030 және 1287  адамға көп. Бағдарламаға қатысушылардың ішінен  жұмыссыздар – 2788 адам (58,3%), өз бетімен жұмыспен айналушылар -1860 адам (38,9%)», - деп хабарламада нақтыланған.   

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Бағдарламаға қатысушы өз бетімен жұмыспен айналысушылардың саны 2 есеге жуық артқан.

        

 

Барлық жаңалықтар