- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада ауысымына 150 адамды қабылдайтын «Достық» отбасылық денсаулық орталығы ашылды
Астанада ауысымына 150 адамды қабылдайтын «Достық» отбасылық денсаулық орталығы ашылды
Қала әкімдігінің хабарлауынша, ол заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған және ауысымына 150 адамға есептелген. Сондай-ақ, халыққа жедел медициналық жәрдемді уақытылы көрсету мақсатында орталықта жедел жәрдем подстанциясы ашылады.
«Жаңа орталықтың ашылуы № 7 қалалық емхананың жүктемесін азайтады және шойын құю зауытының ауданындағы халықты және «Өндіріс» тұрғын алабына шекаралас участкелерінің тұрғындарын қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз етеді. Бүгінгі күні қызмет көрсететін халықтың саны 14909 адамды құрайды», - делінген хабарламада.
Орталықта элюрографиялық жабдық, пациенттерді ультрадыбысты зерттеуге арналған стационарлық түрлі түсті сандық аппарат, зертханалық және физиотерапиялық аппарат қондырылған.
Мұнда жалпы практика дәрігерлері ұйымдастырылған. Түргі зертханалық зерттеулер жасалуды, емшара мен екпе салу кабинеттері, күндізгі стационар жұмыс істейді.
Осындай орталықтың ашылуы амбулаториялық қызметте тапшылықты жоюға, медициналық қызметтің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Жаңа мүмкіндіктер қызметкерлердің тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау жөнінде алдын алу жұмыстарын жақсартуға мүмкіндік береді.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Тоқаев: Өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарының жай-күйі көңіл көншітпейді -
«Зерде» холдингі»: Цифрлық трансформация орталығы, штат санының қысқаруы және холдинг кірістері -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды