- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда 880 мүмкіндігі шектеулі бала инклюзивті білім берумен қамтылған
Алматыда 880 мүмкіндігі шектеулі бала инклюзивті білім берумен қамтылған
«Дара» қайырымдылық қорының көмегімен аталған консультацияда Монтессори кабинеті жасақталған, емдеу-денешынықтыру залы қажетті қондырғылармен жабдықталған, мебель, оргтехника және басқа да қажетті материалдар толықтай қамтамасыз етілген.
Әкім қала Концепциясы аясында мектеп жасына дейінгі білім берудің вариативті түрінің құрамдас бөлігі болып табылатын инклюзивті білім беруге кембағал балаларды кеңінен тарту және осы білім жүйесімен оларды қамтамасыз ету негізгі міндеттердің бірі екендігін атап өтті. Коррекциялық мекемелер жергілікті және республикалық бюджеттен қаржыландырылады. 2 жастан 7 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және олардың түрлі мүкістерін түзету жұмыстары тегін жүзеге асады. Статистикаға сәйкес, кембағал балаларды сәби шағынан емдеу олардың әлеуметтік жағынан тез бейімделуіне, жалпы білім беретін мектептерде оқуына оң ықпал етеді.
«Осылайша біз ерекше назар аударуды қажет ететін балалардың дұрыс білім алуын қамтамасыз етеміз. Демек, бұл бағыттағы жұмыс одан әрі жалғасын табатын болады, бүгінші ашылып отырған ПМПК қаладағы үшінші», - деді Ахметжан Есімов.
Айта кетейік, № 3 ПМПК 2014 жылдың қыркүйек айынан бері қарай Алматы қалалық реабилитациялық орталық құрамында жұмыс істеп келеді. Осы кезең ішінде 227 балаға коррекциялық көмек көрсетілді, 70 балаға көмек екінші қайтара көрсетілді. Қазіргі кезде ПМПК жанынан 4 коррекциялық-диагностикалық топ ашылған. Бұл топтағы балалар дамуы жағынан кешеуілдеген әрі жастары бірдей принципі бойынша (5-6 жастағы 82 бала) жасақталған. Мұндағы кембағал балаларға сабақ тереңдетіліп оқытылады, олардың арасында құлағының, көзінің мүкісі бар және қозғалуы қиын балалар бар. Олар ерекше бақылауға алынады, содан кейін ғана нақтылы диагноз қойылады. Жалпы, Алматыда 883 бала коррекциялық көмекпен қамтылған.
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді