- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда құнды мұнай-химиялық шикізат өндіретін кешен салу жоспарлануда
Қазақстанда құнды мұнай-химиялық шикізат өндіретін кешен салу жоспарлануда
«Бүгінгі таңда елде жоғарықысымды газ өндіретін 10 өндіріс ошағы бар. Олар: ТШО, СиэенПиСи, Ақтөбе Мұнайгаз бен Қазақстандағы 3 мұнай өндіру зауыты және тағы басқалар. Біз қазір 2,5 миллион тонна газ өндіреміз де оның 600 тоннасын тұтынамыз. Осылайша, біздің ішкі нарығымызда жоғарқысымды газ көлемі артық болып тұр, яғни біз өзіміз тұтынатын газдан артық көлемде өнім өндіреміз. Артық өндірілген газ экспортқа жөнелтіледі. Сол себепті бізге полипропилен, полиэтилен сияқты құнды мұнайхимиялық өнімдерді өндіретін кешен салу қажет болып тұр. Бұл өнімдердің барлығы сонымен қатар біздің күнделікті тұрмысымызда қолданылатын өнімдерге негіз болатын шикізат көздері»,-деді М.Мырзагалиев.
Вице-министрдің айтуынша, жоба Атырау облысында осы уақытта салынып жатқан индустриалды мұнай-химиялық парк құрылысы жұмыстарының аясында іске асырылады.
Сонымен қатар, ол Қазақстанда Қазақстан-Қытай газ құбырының 3-ші бағытының құрылысы аяқталуға таяу екендігін және аталмыш бағыт жылына 55 миллиард текше метр газ тасымалын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіндігін атап өтті Бұған қоса Бейнеу-Бозой-Шымкент магистралды газ құбырының құрылысы да жүріп жатыр.
«2013 жылы Бозой-Шымкент бағытындағы құбырдың желілік бөлігі аяқталды, ал биылғы жылы Бейнеу-Бозой бағытындағы желілік бөлік аяқталады. Осы газ құбырының арқасында еліміздің оңтүстік өңірлеріне қажетті газ тасымалдау мәселесі шешіліп, артық газды шығысқа жөнелтуге жол ашылады», деді министрдің орынбасары.
Индира Кауметова
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады