- Басты
- Жаңалықтар
- Қытайдың әскери қызметшілері танк биатлонынан тәжірибе алу үшін Қазақстанға келеді (Фото)
Қытайдың әскери қызметшілері танк биатлонынан тәжірибе алу үшін Қазақстанға келеді (Фото)
Кездесу барысында екі елдің әскерилері «Танк биатлоны-2015» халықаралық чемпионатына даярлық аясында танк экипаждарын бірлесіп жаттықтыруды талқылады. Үстіміздегі жылы Қазақстан аумағында ҚХР Қарулы Күштерінің 4 танк экипажы арнайы даярлықтан өтсе, маусым айында қазақстандық әскерлер Қытай аумағында дайындықтан өтеді.
Екі елдің өкілдері танк экипаждарын даярлау мәселесінде біржақты шешімге келді. Атап айтқанда, осы жаттығулар шеңберінде Қытай Халық Республикасының Қарулы Күштеріне дайындық әдісмен танысуға мүмкіндік туып отыр. Қазақстан және Қытай экипаждарының қатысуымен өтетін осыған ұқсас жаттығулар Үндістандада өтеді.
Бұл орайда мамыр айында Қазақстанға Үндістанның әскериөкілдері келеді деп жоспарлануда. Алғаш рет танк биатлоны бойынша халықаралық жарыс 2013 жылы Мәскеу маңындағы Алабино полигонында өткенін атап өткен жөн. Жарысқа Ресей, Армения, Беларусь және Қазақстанның танк экипаждары қатысты.
Қазақтанның әскери қызметшілерінен құралған команда осы сайыста екінші орынға ие болды, 2014 жылы да біздің экипаж екінші орын алды. Қазақстан жауынгерлерінің танк биатлоны саласында жеткен жоғарғы жетістіктері мен жүлделері ҚХР мен Үндістанның әскери қызметшілерін ҚР Қарулы Күштерінен тәжірибе алудағы ынтасын арттырып отыр.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады