- Басты
- Жаңалықтар
- Ағымдағы жылы жоғары оқу орындарына ғылыми кадрларды даярлайтын жаңа Split PhD жүйесін енгізу жоспарланып отыр-Әбдіқалықова
Ағымдағы жылы жоғары оқу орындарына ғылыми кадрларды даярлайтын жаңа Split PhD жүйесін енгізу жоспарланып отыр-Әбдіқалықова
Гүлшара Әбдіқалықова биылғы жылдың 11-ші наурызында өткен «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде Елбасының 5 басты институттық реформалар жасауды, олардың қатарында «қазіргі заманғы, кәсіби және автономиялық мемлекеттік аппаратты қалыптастыруды» айтқанын атап өтті.
Мемлекеттік хатшы «Болашақ» бағдарламасы арқылы білім алған жастардың әлеуетін аталған бағыт бойынша барынша пайдалану және оларды мемлекеттік қызметке белсенді түрде тарту қажеттігін айтты. Білім және ғылым министрлігінің мәліметі бойынша, бүгінгі таңда мемлекеттік органдарда бағдарлама түлектерінің тек 6,5%-ы («Болашақ бағдарламасымен» оқыған 384 студент) ғана алған білімдерін мемлекеттік органдарда қолдануда. Бұл көрсеткішті ұлғайту қажеттігі туып отыр.
Гүлшара Әбдіқалықова «Нұрлы Жол» инфрақұрылымдылық жобасын іске асыру аясында ел экономикасының басты салалары мен мемлекеттік аппарат үшін жоғары кәсіби кадрларды даярлау жөніндегі комиссияның алдында тұрған міндеттерді белгілеп берді.
Сонымен бірге, отырыс барысында Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын одан әрі жүзеге асыру бойынша іс-шараларды орындаудың өзекті мәселелері қаралды.
Ағымдағы жылы Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы үшін кадрлар даярлауға бағытталған еліміздегі жоғары оқу орындарына ғылыми кадрларды даярлайтын жаңа Split PhD жүйесін енгізу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, «Болашақ» стипендиясы иегерлерін ағылшын тілі бойынша тілдік даярлаудың жаңа үлгісін енгізу жоспарлануда.
Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықова Шетелде кадрлар даярлау жөнінде республикалық комиссияның жұмысын одан әрі ұйымдастыру жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті