- Басты
- Жаңалықтар
- Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан 3528 халықаралық келісім жасаған – ҚР СІМ
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан 3528 халықаралық келісім жасаған – ҚР СІМ
Парламент Сенатының депутаттары алдында еліміздің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов сөз сөйледі.
Министр әлемде болып жатқан геосаяси жаңарулар біздің елімізге жаңа қатерлер туындататынын атап өтті. Бұл өзгерістер министрлік қызметін ұдайы жетілдіруді, келешекке арналған міндеттерді нақтылауды талап етеді. Осыған байланысты министрлік бұдан былайғы қызметінде Мемлекет басшысы бекіткен Қазақстанның Сыртқы саясат тұжырымдамасы мен Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының ережелерін бұлжытпай басшылыққа алатын болады.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықаралық шарттар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның орындалу барысы туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Мусинов баяндама жасады.
Дипломат заң халықаралық шарттарды бекітудің бұрынғы тетіктерін елеулі түрде өзгерткенін атап өтті. Енгізілетін жаңалық – Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жоспарлау жүйесін енгізу, яғни, қазіргі кезде бір жылға және келешекте – үш жылға жасалатын халықаралық шарттарды бекіту жоспарын жасау болып табылады.
Өз кезегінде Сенат комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков халықаралық шарттар – халықаралық құқық тәртібінің тұрақтылығының және Қазақстанның шет елдермен қатынастарының, құқықтық мемлекеттің қызмет етуінің, сондай-ақ еліміздің заңды мүдделерін қамтамасыз етудің бөлігі болып табылатынын атап өтті.
Сонымен бірге, комитет төрағасы қол қойылған және күшіне енбеген халықаралық келісімдердің мемлекет ішіндегі рәсімдерін уақытында атқаруды қамтамасыз етуге, бұрын қол қойылған және ратификацияланған халықаралық құжаттарды ескере отырып, осы немесе басқа жалпыға бірдей конвенцияларға Қазақстанның қатысуы жөніндегі мемлекеттік органдардың жауапты және жан-жақты ұстанымдарына, мемлекеттік тілдегі халықаралық келісімдердің мәтіндерін даярлау сапасын арттыруға қатысты жекелеген мәселелер өзекті болып отырғанын айтты.
Сенатор атап өткендей, қазақстандық парламентшілер Сыртқы істер министрлігімен тығыз байланыса отырып сыртқы саяси мақсаттарын жүзеге асыруға белсенді қатысып келеді. Парламент «2013-2015 жылдардағы Қазақстан Республикасының парламенттік дипломатиясын дамытудың жол картасын» қабылдады.
И.Адырбеков Сыртқы саясат тұжырымдамасын іске асыру аясында кейбір маңызды міндеттерді шешу үшін парламенттік дипломатия ресурстарын белсенді пайдалану орынды деп санайды. Және ол экономикалық, саяси байланыстарды нығайта түсетін өзара іс-қимылдың жаңа тетіктерін табу қажеттігін атап өтті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»