• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Президенттігіне үміткер Х.Қожа-Ахметке қолдар жинау үшін қол қою парақтары берілді – ҚР ОСК

ҚР Президенттігіне үміткер Х.Қожа-Ахметке қолдар жинау үшін қол қою парақтары берілді – ҚР ОСК

18 Наурыз, 2015 16:56
18 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы болды, онда Хасен Кәрімжанұлы Қожа-Ахметтің ҚР Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында ҚР Президенттігіне кандидаттарға қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу және оған кандидатурасын қолдап қолдар жинау үшін қол қою парақтарын беру туралы қаулы қабылданды, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясы.

Президенттікке кандидатты қолдап қолдар жинауды сенім білдірілген адамдар ұйымдастырады. Қолдарды жинайтын топтардың саны мен құрамына шек қойылмайды.

«Президенттікке кандидатты қолдап толтырылған қол қою парақтары аумақтық сайлау комиссияларына тапсырылады, олар бес күн мерзім ішінде паспорт қызметінің қызметкерлерін қатыстыра отырып қойылған қолдардың растығын тексеруді жүзеге асырады, тиісті хаттаманы ресімдейді және оны Орталық сайлау комиссиясына жолдайды», - делінген хабарламада.

 

Барлық жаңалықтар