- Басты
- Жаңалықтар
- Сатып алулардың ақпараттық жүйесі «Самұрық-Қазына» қорына 99 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік берді (ФОТО)
Сатып алулардың ақпараттық жүйесі «Самұрық-Қазына» қорына 99 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік берді (ФОТО)
2013 жылы электронды сатып алулар ақпараттық жүйесi енгiзiлгеннен кейiн тауарларды, қызметтердi алу тетiктерi автоматтық сипатқа көштi. Нақтырақ айтсақ, осы жүйенiң арқасында кәсiпкерлер әр тендерден орташа алғанда 80 мың теңге үнемдейдi. Ақпараттық жүйе арқылы тендерге қатысушылар бәсекелестерi ұсынған құжаттарды көре алады, егер олқылық кетсе, қорға жүгiнуге мүмкiндiгi бар.
«Жалпы алғанда, электронды сатып алулар ақпараттық жүйесi енгiзiлгеннен берi «Самұрық-Қазына» қорының бюджетi 72 млрд теңге үнемдедi. Бұған әлi есептелмеген 27 млрд теңгенi қоссақ, шамамен 99 млрд теңге үнемделдi. Ал кәсiпкерлердiң өздерi үшiн бұл көрсеткіш жылына шамамен 6,5 млрд теңгенi құрайды», - дедi С.Елшiбеков.
Сонымен қатар, Елшібеков баса айтқандай, ақпараттық жүйе сатып алуға қатысушыларға барлық процесті бақылауға және қандайда бір қателік болғанда Қорға жүгінуге мүмкіндік береді.
«Элекронды үлгіде құжаттар беріледі, оны комиссия сараптайды. Егер қатысушылар құжаттардың дұрыс жинақталғанымен келіспесе бізге тікелей шағым түсіреді, ал біз болса тендердің қорытындысын жоққа шығарып, кінәлілерді жауапқа тартамыз», - деді Елшібеков.
«Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС-ның бас директоры атап өткендей, егер ертеректе жылына 300-ге жуық шағым түссе, бүгінде бұл сан бірнеше есе артып, орташа есеппен жылына мыңды құрады. «Ал, 2015 жыл ол тіптен көп. Бұл дегеніңіз кәсіпкерлер өз қарсыластарының құжатін жіті зерттеу басты құрал екенін түсінгенін білдіреді», - деп түйді С. Елшібеков.
Индира Кауметова
-
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
Коронавирус штамдарының айырмашылығы қандай? Вирусолог ғалым жіктеп берді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі