Алматыда стендік атудан 2 халықаралық турнир аяқталды

7 Қазан, 2013 15:42
Алматыда бірден 2 халықаралық турнир аяқталды, бірі стендік атудан Азия Чемпионаты болса, екіншісі ТМД-ның ашық чемпионаты, деп Спорт және дене шынырықтыру агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Үздік титул үшін ТМД, АҚШ, Азия, Еуропаның 23 елі күресті. Ерлер командалық сайысында Азия «алтынын» Виталий Куликов, Александр, Ещенко, Владислав Мухамедив иеленді.

«Чемпионат жеңімпазы атағын Светлана Демина (Ресей), Эльвира Акчурина (Қазақстан), Ангелина Мищук (Қазақстан) қарамағындағы қазақстандық-ресейлік команда жеңіп алды. Олар скит жаттығуында 204 ұпаймен Ресей мен Кувейт командаларын басып озды», - деп хабарламада нақтыланған.

«Скит» жаттығуында Акчурина, Жания Айдарханова, Ангелина Мищук 187 ұпаймен Азия чемпионатының «күміс» алқасын қоржынға салды.

Жасөсіпірімдер арасында ТМД чемпионатының «скит» бойынша жеңімпазы Орынбай Әсем атанды. Ардагерлер арасында жүлдеді екінші орынды Мейрам Айдарханов місе тұтты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар