- Басты
- Жаңалықтар
- «Самұрық-Қазына» отандық өнім өндірушілермен құны 1 триллионнан астам теңгеге 769 келісім жасады
«Самұрық-Қазына» отандық өнім өндірушілермен құны 1 триллионнан астам теңгеге 769 келісім жасады
«Жалпы алғанда отандық тауар өндірушілерді қолдау Тұжырымдамасы біздің құны 1 триллион 262 миллиард теңге болатын 796 келісім жасауымызға мүмкіндік берді. Бұл дегеніңіз үлкен сома. Біз Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен бірлесіп, апта сайын арнайы мәжіліс өткіземіз. Онда кәсіпкерлер ұзақмерзімді келісімдер жасау мәселесін талқылап, сол жерде ол келісімдердің қандай жолмен жүзеге асырылуы қажеттігін шешеді. Жалпы алғанда, бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты әрі мақсатты түрде жүргізілуде»,-деді С.Елшібеков.
Бұл ретте ол қор өкілдері мен оның еншілес кәсіпорындарының қызметкерлерімен бірлесіп, республиканың бірқатар аймақтарында болып, ондағы кәсіпкерлермен құны 548 миллиард теңге болатын жобалар бойынша Меморандумдарға қол қойғандықтарын атап өтті. «Бүгінгі таңда осы құжаттар бойынша жұмыстың атқарылу көрсеткіші 98 пайызды құрап отыр. Жалпы қарқынымыз жаман емес»,-деді ЖШС басшысы.
Айта кететін мәселе, 2014 жылдың қорытындысы бойынша қордың сатып алған тауарларын шығарушылардың 75 пайызы қазақстандық және бұл көрсеткіш уақыт өткен сайын өсу үстінде. Қор өкілдері сатып алу ережесіне отандық тауар өндірушілер үшін 14 түрлі жеңілдіктер енгізген.
Индира Кауметова
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді