- Басты
- Жаңалықтар
- ХКБ бас хатшысы В.Лоссерталес ЭКСПО-2017 нысандарын тамашалайды
ХКБ бас хатшысы В.Лоссерталес ЭКСПО-2017 нысандарын тамашалайды

Лоссерталес мырза көрме кешенін салу барысымен танысып, ұлттық компания өкілдерінің көрмеге дайындық барысы туралы есебін тыңдамақ.
Ұлттық компания хабарлағандай, В. Лоссерталес «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ Басқарма Төрағасы Талғат Ермегияевпен кездеседі. Ұлттық компания бірқатар таныстырылымдарды дайындап отыр, оның барысында алда келе жатқан көрме тақырыптық павильондарының сипаттамасы, сондай-ақ, халықаралық қатысушыларды тарту барысы туралы ақпарат ұсынылады. Сонымен қатар, бас хатшы ЭКСПО-2017 жобасын жүзеге асыру кезінде өткізілетін бұқаралық іс-шаралар мен маркетинг мәселелерін талқылауға қатысады.
Сондай-ақ, екікүндік сапары шеңберінде ХКБ басшысы бірқатар ресми кездесулерді өткізеді, атап айтқанда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовпен және Астана қаласы әкімі Әділбек Жақсыбековпен кездеседі.
Тексеріс қорытындысы бойынша 19 наурызда Орталық коммуникациялар қызметінде ХКБ бас хатшысы В. Лоссерталес, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияев, ЭКСПО-2017 комиссары, ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаевтың қатысуымен брифинг өтеді.
Висенте Лоссерталес 1994 жылдан бастап ХКБ бас хатшысы қызметін атқарып келеді. Ол көрме құрылысының барысымен танысу үшін Астанаға жылына екі рет келеді және биылғы сапары бесінші рет жасалып отыр. 2014 жылдың қазанында өткен алдыңғы сапары аясында В. Лоссерталес Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевпен кездескен болатын. Елбасымен кездесу кезінде ол көрмеге дайындық барысы ойдағыдай өтіп жатқанын атап өтіп, «тіпті кестеден оза жүргізіліп жатыр» деп айтқан болатын.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы
-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды
-
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды
-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі
-
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр
-
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады
-
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері
-
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет
-
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады
-
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді
-
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді

