- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев Президенттің іс басқармасының медициналық орталығын ашты (ФОТО)
Н.Назарбаев Президенттің іс басқармасының медициналық орталығын ашты (ФОТО)
Кешен құрамына бірегей диагностикалық блок және ядролық медицина бөлімшесі кіреді. Ғимарат пен оның инфрақұрылымының жұмысын қамтамасыз ететін негізгі жүйелердің мониторингі мен басқарылуы автоматтандырылған.
«Қазақстандықтар ем алу үшін шетелге барады. Осындай кешендердің пайда болуымен медициналық туристер легі біздің елге бағыт алатын болады. Мұнда толыққанды жұмысқа қажетті жағдайдың бәрі жасалған, енді сіздерге өз міндеттеріңізді сапалы орындап, халық денсаулығын жақсарту керек», – деді Мемлекет басшысы.
13 ғимаратты қамтитын, бір ауысымда 1000 адам қабылдайтын 4 емханасы, 35 құрылымдық бөлімшесі, сондай-ақ 200 орындық стационары бар кешеннің жалпы аумағы 84 мың шаршы метр болады. Кешен бөлімшелері озық медициналық техникалармен жабдықталған.
Мекемеде жоғары білікті мамандар, соның ішінде 24 медицина ғылымдарының 11 докторы мен 24 кандидаты жұмыс істейді. Дәрігерлердің жартысынан астамы жоғары санатқа ие.
«Тиісті кәсіби персоналы, жоғары сапалы жабдықтары, қажетті секциялары түгел функционалды ғимараты бар медициналық мекеме барлық заманауи талаптарға сай», - деді Н.Назарбаев.
Мекеме қызметкерлері Нұрсұлтан Назарбаевқа денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелеріне назар аударып отырғаны үшін алғыс айтып, осындай бірегей кешенде жұмыс істеу зор құрмет екенін әрі жауапкершілік жүктейтінін атап өтті. Олар халыққа білікті медициналық көмек көрсетуге дайын екендіктеріне Қазақстан Президентін сендірді.Сондай-ақ, аурухана ұжымы Елбасыға заманауи кешенді салуға ұйытқы болғаны үшiн алғысын бiлдiрді.
Индира Қауметова
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі