• Басты
  • Жаңалықтар
  • СІМ Басшысы сыртқысаяси ведомство жұмыстарының негізгі басымдылықтарын айқындады

СІМ Басшысы сыртқысаяси ведомство жұмыстарының негізгі басымдылықтарын айқындады

7 Қазан, 2013 15:39
Бүгін, 7 қазанда ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ведомство жетекшілерінің кезекті отырысында жұмыс барысының негізгі басымдылықтары мен БҰҰ Бас Ассамблеясының 68-інші сессиясына қатысу мен Латын Америка елдеріне жасаған сапарының қорытындысын таныстырды, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

«Ерлан Ыдырысов Испания Премьер-министрі Мариано Рахой мен Белорусь Президенті Александр Лукашенконың Астанаға жасаған сапары қорытындысы келісімін іске асыруды қоса отырып болашақтағы даму мен ШЫҰ, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес және де басқа ұйымдар түріндегі әріптестік дамуындағы негізгі басымдылықтарды айтты», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, БҰҰ Бас Ассамблеясы жұмысы қорытындысы мен Латын Америка елдеріне жасаған сапары қорытындысы туралы айта кетіп, Ерлан Ыдырысов екі маңызды тапсырманы орындауда жүйелі жұмыс істелу керектігін айтты – БҰҰ аймақтық дипломатия Алматы хаб орталығын құру және 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелігіне ҚР кандидатурасын ұсыну.

Қазақстанға жасалатын жақын уақыттардағы сапарлардың маңыздысы ЕЫҚҰ қазіргі төрағасы Украинаның Сыртқы істер министрі Леонид Кожара мен Сингапур сыртқыясаясат ведомство басшысы Касивисванатхан Шанмугам сапарлары.

Бұдан бөлек қазанда Минскідегі ТМД Мемлекет Басшылары Кеңесі  мен Жоғарғы Еуразиялық Экономикалық Кеңесі аясында жоғары дәрежелі кездесулердің  болатынын атады.

«ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесіне кеңінен халықаралық қатысуды қамтамасыз ету жұмыстары «ЭКСПО-2017»  Ұлттық Кординаторы аясында жасалған жұмыстардың негізгі басымдылығы болып қалмақ.

 

Барлық жаңалықтар