Қазақстандықтар 30 күн бойы тіркеусіз Беларусь елінде бола алады

7 Қазан, 2013 15:13
Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы қазақстандықтардың аталмыш елде тіркеусіз болуын іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасына қол қойды, деп ІІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Ағымдағы жылдың 4 қазанда Астана қаласында Беларусь Республикасының Президенті А.Н. Лукашенконың Қазақстан Республикасына ресми сапары  Қазақстан Республикасы азаматтарының Беларусь Республикасының аумағында және Беларусь Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісімге қол қойды.

«Болу тәртібі жөніндегі Келісімнің мақсаты Қазақстан Республикасының азаматтары мен Беларусь Республикасы азаматтарының Тараптардың аумағында 30 күн ішінде Тараптардың  құзыретті органдарында міндетті тіркеусіз болуының жеңілдетілген  тәртібін белгілеу болып табылады», - деп хабарламада нақтыланған.  

Реадмиссия туралы келісім  мен оны іске асыру  тәртібі  туралы атқару хаттамасы Қазақстан Республикасы  мен Беларусь Республикасының аумағында  заңсыз жүрген адамдарды анықтау  және оларды қайтару рәсімдерін, сондай-ақ осындай адамдарды транзиттеуге көмек көрсетуді айқындайды. 

Барлық жаңалықтар