- Басты
- Жаңалықтар
- Азық-түлік корпорациясы көктемгі дала жұмыстарына 5 миллиардтан астам теңге бөлді
Азық-түлік корпорациясы көктемгі дала жұмыстарына 5 миллиардтан астам теңге бөлді
Олар таратқан ақпараттарға сәйкес, Қазақстанда азық-түлік корпорациясының ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерден арпа мен бидайды әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының кепілдігі негізінде көктемгі, жазғы қаржыландыру шараларының есебінен сатып алу бағдарламасы жалғасуда.
2015 жылдың 16-шы наурызындағы көрсеткіштер бойынша, аталмыш бағдарлама аясында азық-түлік корпорациясына еліміздің әр аймақтарындағы аграрлық сала өкілдерінен 10 миллиард теңгеге 1 мың 200-ден астам өтініштер түсті.
«Оларды қарау нәтижесінде бүгінге дейін егіс көлемі 1 миллион 290 мың гектар болатын 1 мың 151 өтінішті 7,7 миллиард теңгеге қаржыландыруды мақұлдау жөнінде шешім қабылданды. Олардың арасында Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларының кепілдігі негізінде 5,3 миллиард теңгеге 750 өтініш түсіп, олар азық-түлік корпорациясы тарапынан қаржыландырылды»,-делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, аталмыш бағдараламаны қаржыландыруға 17 миллиард 650 миллион теңге бөлінген. Келісім бойынша ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер өздерінің міндеттемелерін 2015 жылдың 1-ші қарашасына дейін орындаулары керек. Өз міндеттерін олар астықты азық-түлік корпорациясының құзырлы нан қабылдау кәсіпорындарына өткізу арқылы да өтей алады.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді