- Басты
- Жаңалықтар
- Елші Е. Қазыханов Ұлыбритания компанияларын ЭКСПО-2017 көрмесіне белсенді қатысуға шақырды
Елші Е. Қазыханов Ұлыбритания компанияларын ЭКСПО-2017 көрмесіне белсенді қатысуға шақырды

Ержан Қазыханов семинарда Каспий өңіріндегі жетекші мемлекеттердің бірі ретінде қарастырылатын Қазақстанның негізгі даму бағыттары және еліміздің экономикалық саясатының басымдықтары жөнінде баяндады.
Әсіресе еліміздің экономикалық дамуының басты бағыттарын айқындайтын Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауына ерекше назар аударылды. Алдағы 3 жыл ішінде Қазақстан экономикасына инфрақұрылым және бизнесті дамыту мақсатында 24 млрд доллар қаражат тартылады деп атап өтілді.
Семинарға қатысушылар Қазақстан үшін аса маңызды стратегиялық жобалардың бірі – Еуразиялық Экономикалық Одақтың құрылуы өңірлік экономикалық байланыстарды нығайтуды көздегені туралы хабардар болды.
Сонымен бірге, Е. Қазыханов Қазақстанда «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізі және «Қазақстан-Түркіменстан-Иран» теміржол желісі секілді бірқатар халықаралық жобалардың іске асырылуына назар аударды.
«Елші бұрынғы Кеңес елдері кеңістігінде өткізілетін алғашқы ірі іс-шара болып табылатын Астанадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің Қазақстан үшін кең ауқымды мүмкіндіктер ашатынын атап көрсетті. Е. Қазыханов британдық жетекші компанияларды көрме жұмысына белсенді атсалысуға шақырды», - делінген хабарламада.
Семинар соңында қазақстандық дипломат экономикалық реформалар мен құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыру біздің еліміздің әлемдегі 30 дамыған мемлекеттердің қатарына ену жөніндегі стратегиясының басты алғышарттарының бірі болатындығын атап өтті. Осы орайда, Қазақстанда өтетін алдағы кезектен тыс Президент сайлауы – тұрақтылықты қамтамасыз ету, әлеуметтік-экономикалық даму және шетелдік инвесторларға қолайлы жағдай жасау жолындағы маңызды қадам болып табылады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды»
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда

