- Басты
- Жаңалықтар
- Наурыз – адам мен ұлтты жақындастыратын мейрам – ҚР Ұлттық музейінің директоры
Наурыз – адам мен ұлтты жақындастыратын мейрам – ҚР Ұлттық музейінің директоры
Дөңгелек үстелге Парламент Мәжілісінің депутаттары, Мәдениет және спорт министрлігінің Комитет басшылары, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессорлары, мәдениеттанушылар және ғылым докторлары қатысты, деп хабарлады Ұлттық музей.
«Наурыз – жаңарудың белгісі. Наурыз – жыл басы. Сол себепті қазақ Ұлыстың ұлы күні деп атап, Наурызды жалпыхалықтың деңгейде тойлайды. Ақын, тарихшы, этнограф, шежіреші, аудармашы, ауыз әдебиеті мұраларын жинаушы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің деректеріне сенсек, Наурыз мейрамы Нұх пайғамбар заманынан бастау алады. Осы себепті Наурыз егеменді еліміздің ең ұлағатты да мәртебелі мейрамының бірі ретінде саналады», - Д.Мыңбай.
Музей директоры биылғы Наурыз ерекше мейрам болатындығын атап көрсетті.
«Биыл Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Отан соғысының 70 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы, Конституцияның 20 жылдығымен қатар келгелі тұр. Сондықтан атаулы мемлекеттік даталармен сабақтаса мерекеленетін Наурыз нағыз халықтық сипатқа ие болады. Бұл үшін не істеу қажет? Наурыз мейрамы әрбір қазақстандықты рухтандыратын тарихи элементтері қамтылып, бүгінгі күнмен сабақтастырып, «Мәңгілік Елге» алған бағыт-бағдарамыз жайлы көріністер орын алғаны абзал», - деді ол.
Дөңгелек үстел соңында қатысушылар үндеу жариялады. Үндеу арқылы «Біз біргеміз! Мы вместе!» акциясын қолға алып, мейрам күндері көршілерді, әріптестерді мерекелік дастарханға шақырып, төл мәдениетіміз бен дәстүрімізді насихаттауды ұсынды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері