Астанада Абылай ханның 300 жылдығына орай айтыс ұйымдастырылды

7 Қазан, 2013 15:13
Кеше, 6 қазан күні «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Кіл жүйрікте кім жүйрік?» атты халықаралық айтыс болып өтті. Шара Абылай ханның 300 жылдығына орайластырылып отыр, деп «Нұр Отан» ХДП партиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Сөз додасында Балғымбек Имашев, Сара Тоқтамысова, Айнұр Тұрсынбаева, Жандарбек Бұлғақов, Айбек Қалиев, Қанатбек Зайтолла және Қытайдан келген  Біржан Байтуов пен Мұхтар Ниязов қатысты.

Айтыс кезінде Нұртас Тұрғанбек, Мұқағали Кенжетайұлы сынды ақындар мен термешілер, жыршылар өнер көрсетті.

Қатысушылардың өнерін ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты,публицист Алдан Смайыл, ақын Серікзат Дүйсенғазин, Серік Ақсұңқарұлы, «Асыл арна» арнасының директоры Мұхаметжан Тазабек, Қазақ ғылыми-сараптау мәдени  институтының бас директоры Мақсат Тәж-Мұрат бағалады.

 

Барлық жаңалықтар