- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Хасен Қожа-Ахмет мемлекеттік тілді еркін меңгерген – лингвистикалық комиссия
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Хасен Қожа-Ахмет мемлекеттік тілді еркін меңгерген – лингвистикалық комиссия
«Болған емтиханның нәтижелері бойынша лингвистикалық комиссия ашық дауыс беру арқылы бірауыздан Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Хасен Кәрімжанұлы Қожа-Ахметтің мемлекеттік тілді еркін меңгергендігі туралы шешім қабылдады», - делінген хабарламады.
Лингвистикалық комиссияның төрағасы Мырзатай Жолдасбеков емтихан нәтижелерін жариялау кезінде: «Конституция – тұрақты даму кепілі» деп аталатын жазбаша тапсырманың тақырыбы ашылды. «Бұл ретте кандидат 4 қате жіберді: 1 – орфографиялық, 1- стильдік және 2 - пунктуациялық. Екінші тапсырмада үміткер Ілияс Есенберлиннің «Алмас қылыш» романынан үзіндіні мәнерлеп, нақышына келтіріп, қазақ тілінің орфоэпиялық заңдылықтарын сақтай отырып, оқып берді. Үшінші тапсырма «Қазақ мемлекеттілігінің бастаулары» тақырыбында 15 минуттық сөз сөйлеу болды. Кандидат аталған тақырыпты толық ашты, тарихи фактілерді мысал ретінде келтіре отырып, сөйлемдерді дұрыс құрып, өз ойын сауатты жеткізді, әдеби тілде жақсы сөйледі», - деді ол.
Отырысқа Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен қатысты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді