- Басты
- Жаңалықтар
- Маңғыстау облысының жастары Президенттік сайлауды қолдауға арналған постерлар байқауына қатысады (ФОТО)
Маңғыстау облысының жастары Президенттік сайлауды қолдауға арналған постерлар байқауына қатысады (ФОТО)
Бұл туралы жастар ұйымдарының көшбасшылары Алматы қаласында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында мәлім етті. Аталмыш шара еліміздің барлық аймақтарымен онлайн режимінде ұйымдастырылды.
«Маңғыстау облысының жастары осы байқауға қатысуға ниетті. Байқау интернет-кеңістігінде өтетіндігімен ерекше. Қазіргі таңда жастардың барлығы интернеттен көз алмай жағдайды бақылап отыр. Бұл еліміздің әрбір азаматына өзінің шығармашылық мүмкіндіктерін паш етіп, азаматтық ұcтанымын білдіруге, сөзден іске көшуге жасалған тамаша мүмкіндік. Біз қазақстандық жастарды патриоттық рухта тәрбиелейтін осындай идеяларды қолдаймыз»,-деді «Елтану KZ» қоғамдық қорының директоры Бекболат Төлегенұлы.
Облыстың белсенділері әрбір жасқа байқаудың идеясын әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы жеткізіп, Каспий теңізінің жағасында кездесу өткізбекші.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 2015 жылдың 26-шы сәуірінде өтетін ҚР Президенті сайлауының қарсаңында елімізде «Сенің даусың-сенің болашағың» атты постерлердің байқауы басталады. Байқау «EL.kz» әлеуметтік желісінің базасында өтеді.
-
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Шетелдегі қандастармен мәдени-гуманитарлық байланыс, білім гранттары және қазақ жастарының клубы -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы