- Басты
- Жаңалықтар
- ҚХА-ның 20 жылдығына орай өткен конференцияда Қазақстан халқының көптілді әдебиетін дамыту мәселесі сөз болды
ҚХА-ның 20 жылдығына орай өткен конференцияда Қазақстан халқының көптілді әдебиетін дамыту мәселесі сөз болды
Аталмыш шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналды. Конференция барысында оған қатысушылар Қазақстан халқының заманауи көптілді әдебиетін дамыту, қазақтардың Қазақстан халқын біріктіруші күш ретіндегі рөлі және Нұрсұлтан Назарбаевтың төзімділік пен қоғамдық келісімінің қазақстандық үлгісі және Ассамблея институтының ерекшелігі сияқты мәселелер сөз болды.
«Қазақстанда дағдарыс жоқ. Бұны біз бүгін айқын сезініп отырмыз. Ол туралы «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты және мұндай жағдай еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің арқасында мүмкін болып отыр. Біздің ұлтымыздың кім екендігіне қарамастан, біздің барлықтарымыз қазақстандықтармыз және Мемлекет басшысы биылғы жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жариялады. Осыған қарай, биыл Ассамблеяның 20 жылдығы атап өтіледі. Оған қатысты жоспарды комиссия бекітті. Осыған қарай өткен жылдан бастап, ҚХА-ы хатшылығы Үкіметпен және өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы идеяға арналған тиісті іс-шараларды жүзеге асыруда»,-деді Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев.
Сонымен қатар ол осындай конференцияның ұйымдастырылып отырғаны үшін алғысын білдірді.
«Бүгін М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты депутаттардың, ғылым мен мәдениет қайраткерлерінің қатысуымен осындай конференция өткізуде және бұл өте дұрыс. Біріншіден, бұны біздің өзіміз білуіміз керек, екіншіден, біз өзіміздің тарихымыз мен әдебиетімізді, мәдениетімізді өскелең ұрпаққа жеткізуіміз керек. Сол себепті мен конференцияны ұйымдастырушыларға алғысымды білдіре отырып, оның жұмысына сәттілік тілеймін»,-деді Премьер-Министрдің орынбасары.
Атап өтетін мәселе – М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты 2012-2014 жылдар аралығында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына дайындық барысында Қазақстанда тұратын этностардың фольклоры, әдебиеті мен өнеріне терең зерттеу жүргізіп, бірқатар ұжымдық монографиялар шығарған.
Пленарлық отырыстың соңында ғалым-жазушы Уәлихан Қалижанның жетекшілігімен М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының 10 жаңа жұмысының тұсауы кесілді. Олардың арасында «Қазіргі заманғы мәдениеттегі жалпыадамзаттық құндылықтар», «Қазақстандағы қазіргі заманғы фольклор», «Қазақстанның әдебиеті қазіргі заманда», «Қазақстан халықтарының музыка өнері», «Қазақстан халқының әдебиеті», сияқты бірқатар ұжымдық монографиялар бар.
Индира Кауметова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады