• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақтөбе облысында жастар еңбек құрылысы және «Жасыл ел» көгалдандыру жасақтарының ІХ облыстық Слеті өтуде

Ақтөбе облысында жастар еңбек құрылысы және «Жасыл ел» көгалдандыру жасақтарының ІХ облыстық Слеті өтуде

7 Қазан, 2013 14:30
Бүгін, 7 қазан күні Ақтөбе облысында жастар еңбек құрылысы және «Жасыл ел» көгалдандыру жасақтарының ІХ облыстық Слеті өтуде, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Ағымдағы жылдың еңбек маусымының 4 айында барлығы  3000 жауынгерлер жұмыс жасады. Соның ішінде, 678 жұмыссыз жастар», - деп хабарламада нақтыланған.

Шара барысында еңбек маусымының қорытындысы бойынша, жемісті жұмыстары мен жалпыұлттық бастаманы жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін студенттік құрылыс және «Жасыл ел» жасақтарының үздік жауынгерлеріне облыс әкімі А.Б.Мұхамбетов Астана қаласына 100 жолдама сертификаттарын және еңбек маусымын ұйымдастыруға қосқан үлестері үшін аудан әкімдеріне, кәсіпорындар мен оқу орындарының басшыларына, командирлер мен комиссарларға алғыс хаттар табыстады.

Облыс жастары жалпыұлттық бастама аясында жүзеге асырылып отырған студенттік жасақтарының қозғалысы алдағы уақытта да жалғасын табатындығына сендірді. Жастардың игілікті істерге жұмылуы облысымыздың жаңарып, көркеюіне, гүлденуіне бағытталатын болады.

 

 

Барлық жаңалықтар