- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылордада мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі талқыланды
Қызылордада мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі талқыланды
«Кеңеске Қызылорда облысы бойынша көлікті бақылау инспекциясының, денсаулық сақтау басқармасының, аудандық ішкі істер бөлімінің және басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты. Шараның негізгі мақсаты - мемлекеттік қызмет көрсетудің сапалығы туралы мәселелерді талқылау», - делінген хабарламада.
Қоғамдық кеңестің төрағасы, «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Байқадамов мемлекеттік қызмет көрсету қазіргі кезде өзекті мәселе екендігін атап өтіп, жаңа қоғамның дамуына оның рөлінің маңызды екендігін көрсетті.
Кеңес отырысында Қызылорда облысының Халыққа қызмет көрсету орталығының директоры А.Әбибуллаева 2014 жылға атқарылған жұмыстары бойынша баяндады. Баяндамада құжаттардың қарау мерзімі мен мемлекеттік қызмет көрсетілудің деңгейі туралы атап өтті.
Сондай-ақ, кеңес отырысында облыстық кәсіпкерлер палатасының эксперті А.Каюпова мен ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаменттің консультанты Қ.Әбілдаевтің баяндамалары тыңдалды. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ең төменгі сапалық деңгейі жер қатынастары, құрылыс, архитектура салалары деп көрсеткен.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы