- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-ның 9 кәсіпорны ЭКСПО-2017 құрылысына қатысады
ШҚО-ның 9 кәсіпорны ЭКСПО-2017 құрылысына қатысады

Кәсіпорындарды «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының бас мердігерлері - «АБК Құрылыс–1» ЖШС, «Сембол Иншаат» АҚ, «СК Базис» ЖШС, «АДС компаниясы» ЖШС және «Mabco constructions s.a» құрылыс компаниялары таңдап алды.
Ұлттық компания хабарлағандай, ЭКСПО нысандарын салу кезінде тауарлары қолданылатын өндірушілердің тізіміне мына компаниялар кірді: «Қазақсым» ЖШС (сым-тарту өнімдері), «Кемонт» ЖШС (жоғары және төмен вольтті электр жабдықтары), «Восток-Универсал» ЖШС (минералды тақталар), «Өскемен полиэтилен құбырлары зауыты» ЖШС, «Қазақцемент» ЖШС, «Полиус» ЖШС (полиэтилен қабықшалар), «Корунд LTD» ЖШС (өрттен сақтау заттары), «Үлбі-фтор кешені» ЖШС (гипс), «Эгрей» ЖШС (керамзит).
Бұл тізім бүгін Өскемен қаласында ұйымдастырылған кездесу кезінде жарияланды. Бас қосуға облыс әкімінің орынбасары Дмитрий Гариков пен «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Алмас Джаманбеков қатысты.
«Осындай әріптестік елдегі ірі де маңызды жобаны жүзеге асыруда шағын және орта бизнесті тартуға мүмкіндік беріп, ЭКСПО-қалашығын салу барысында қазақстандық өнімдерді қолдану үрдісін қамтып, аймақтардың дамуына үлес қосады», - деді А. Джаманбеков.
Аймақтардағы өндірушілермен кездесулер 2014 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. «Астана ЭКСПО-2017» компаниясының бас мердігерлері Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік-Қазақстан, Павлодар облыстары мен Астана қаласындағы өндірушілермен меморандумдарға қол қойды. Осы келісімдер аясында ЭКСПО нысандары құрлысында жалпы сомасы 56 млрд. теңгеге тең 85 отандық өндірушінің өнімін қолдану туралы келісім бар.
-
Спорттық секция мен шығармашылық үйірме: Кімдер қатысады, қалай өтінім береді және олардың жұмысы қалай іске асады
-
Қай пратиялар сайлауға қатысады, тіркеу қашан басталады
-
Шерзод Пулатов: Сайлауға Ассамблеяның қызметіне, еліміздің дамуына үлес қосқан азаматтар қатысады
-
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Парламент сайлауына қатысады
-
Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Мәжіліс сайлауына қатысады
-
Праймериз: Іріктеуге кімдер қатысады, өту тәртібі қандай/Үміткерлерге қандай талаптар қойылады
-
Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысады
-
Өткен жылыту маусымында 34 энергия кәсіпорны әкімшілік жауапкершілікке тартылды
-
«Хлопкопром-Целлюлоза» кәсіпорны өнімдерін Ресей мен Украинаға экспорттайды
-
Биыл ҰБТ-ға 131 мыңнан астам оқушы қатысады - А.Аймағамбетов
-
Түркістанда ҰБТ-ға 18 634 түлек қатысады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысына қатысады
-
Қ.Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелерінің жұмыс кездесуіне қатысады
-
Қазақстан ОПЕК министрлер вебинарына қатысады
-
Түркістанда МӘМС жүйесіне тұрғындардың 91,6 пайызы қатысады

