- Басты
- Жаңалықтар
- Мобильдік топтар ауыл тұрғындарына «ЖҚЖК- 2020» бағдарламасын түсіндіруде
Мобильдік топтар ауыл тұрғындарына «ЖҚЖК- 2020» бағдарламасын түсіндіруде
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі хабарлағандай, мобильдік топтар алғашқы жұмыс күнінің қорытындысында 8 облыстың 10 ауылдық ауданын қамтыды.
Мобильдік топтар «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасына және «Өрлеу» жобасына қатысуға ниет білдірген азаматтарды анықтайды.
Өтінім берілгеннен кейін мамандар жергілікті жерлерде «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының және «Өрлеу» жобасының нақты бағыттары бойынша қатысуға азаматтармен әңгімелесу және кәсіби бағдарлау жұмыстарын жүргізіп, аталған бағдарламаларға қатысуға қажетті құжаттар топтамасы бойынша кеңестер береді.
Мобильдік топтардың жұмысы нәтижесінде кәсіби бағдарлаудан өткен және «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы және «Өрлеу» жобасының қандай да бір бағытына қатысуды шешкен тұлғалар қажетті құжаттар топтамасын әзірлейді. Әрі қарай жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері азаматтарды жұмыспен қамтуға тікелей қолдау көрсетеді.
Жалпы Қазақстан бойынша құрамына 441 қызметкер енген 178 мобильдік топ құрылды. Олар жұмыссыздық деңгейі, нәтижесіз жұмыспен айналысатындар және аз қамтылған тұлғалар саны жоғары, сондай-ақ, «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасына қатысу деңгейі төмен 191 ауданның 404 елді мекені тұрғындарын қамтуды жоспарлап отыр. Мобильдік топтардың жұмысы ағымдағы жылғы 15 сәуірге дейін созылады.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
Карантин шараларының сақталуын бақылайтын мониторинг топтардың жұмысы цифрландырылды -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Прездент тапсырмасы: Полиция департаменттеріндегі жедел-тергеу топтарына тергеуші әйелдер енгізілді -
Әйелдердің ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытудағы рөлі -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы