- Басты
- Жаңалықтар
- ОСК Т.Сыздықовты ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркеді
ОСК Т.Сыздықовты ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркеді
Орталық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 59-бабы 5-тармағына сәйкес мынадай құжаттар ұсынылды:
1.«Қазақстан Коммунистік Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінен Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде Тұрғын Ысқақұлы Сыздықовты ұсыну туралы шешім қабылданған Қазақстан Коммунистік Халық партиясының IX Кезектен тыс съезінің осы қоғамдық бiрлестiктiң Республиканың Әдiлет министрлiгiнде тiркелгені туралы құжаттың көшiрмесi қоса тiркелген хаттамасынан үзінді;
2.Т.Ы. Сыздықовтың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде дауысқа түсу ниеті туралы өтініші;
3.Т.Ы. Сыздықовтың өмірбаяндық деректері;
4.Т.Ы. Сыздықовты қолдап жиналған азаматтардың қолдарын тексеру нәтижелері туралы аумақтық сайлау комиссияларының хаттамалары;
кандидат пен оның зайыбының табысы және мүлкі туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы;
кандидаттың сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжат.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 56-бабы 2-тармағына сәйкес Президенттiкке кандидатты Республика облыстарының, республикалық маңызы бар қаласының және астанасының кемінде үштен екiсiнiң атынан теңдей өкiлдiк ететiн сайлаушылардың жалпы санының кемінде бiр пайызы қолдауға тиiс. Т.Ы. Сыздықовтың кандидатурасын қолдап сайлаушылардың 98 384 рас қолы жиналды.
Ұсынылған құжаттарды қарап, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы
Тұрғын Ысқақұлы Сыздықовты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы шешім қабылдады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Сайлау 2021: Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталды -
Сайлау-2021: Кандидаттарды ұсыну тәртібі, кезеңдері және комиссия өкілеттерін нақтылау мәселелері -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы -
ҚР Ұлттық ұланы қандай қызмет атқарады