- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның демократия институты ҚР Президентінің сайлауы барысында дауыс беру науқанына мониторинг жүргізеді (ФОТО)
Қазақстанның демократия институты ҚР Президентінің сайлауы барысында дауыс беру науқанына мониторинг жүргізеді (ФОТО)
«2015 жылдың 26 сәуірінде Қазақстан өмірінде маңызды оқиға орын алады – ҚР Президентінің сайлауы. Әр сайлау саяси мәдениетіміздің өсімін көрсетеді. Қоғамда демократияның нығаюының кепілі ашық және еркін сайлау өткізу болып табылады. Сайлау – ол негізгі құқық, оны пайдалану арқылы еліміздің әр азаматы мемлекеттің даму векторын анықтай алады. Осы ретте азаматтық қоғам шетте қалып кетпеу керек», - деді И. Катенов.
Оның айтуынша, Қазақстанның Азаматтық альянсы 500-ден астам ҮЕҰ басын біріктіреді. олар мемлекеттiң жұмысын бағалап, түрлi әлеуметтiк зерттеулер жүргiзедi. «Бұл ретте, біз альянстың алдағы Президент сайлауын бағалауға қатысу маңызды деп есептейміз. Қазақстанның азаматтық альянсы 2012 жылы Мәжiлiс және мәслихат депутаттарын сайлау кезiнде электоралдық науқанның барысын бақылау бойынша тәжiрибе жинақтады. Биылғы жылы Президент сайлауы кезiнде бiз өткен жылдардағы тәжiрибе бойынша бұл науқаның барысын бақылаймыз, яғни exit-poll», - деп жалғастырды атқарушы директор.
Сонымен қатар, Катенов хабарлағандай, тәжірибе көрсетіп отырғандай exit-poll сынды сауалнамалар сайлау нәтижесі туралы ақпарат алуға және дауыстарды бәсекелестер арасында бөлуге мүмкіндік береді.
Айта кетерлік жайт, Демократия институты елімізде 1995 жылдан бастап жемісті жұмыс істеп келеді.
Индира Кауметова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды