• Басты
  • 2015 жылы Қостанай облысындағы үйлерге жылу энергиясын есептейтін 833 құрылғы орнату жоспарланып отыр
21 Наурыз, 2015 10:53

2015 жылы Қостанай облысындағы үйлерге жылу энергиясын есептейтін 833 құрылғы орнату жоспарланып отыр

2015 жылы Қостанай облысындағы үйлерге жылу энергиясын есептейтін 833 құрылғы орнаталмақ және оған 562 миллион теңге көлемінде қаржы бөлу жоспарланып отыр, деп хабарлайды әкімдік өкілдері.
2015 жылы Қостанай облысындағы үйлерге  жылу энергиясын есептейтін 833 құрылғы орнату жоспарланып отыр

Облыста жылыту мерзімі алдын ала белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырылып, аталмыш мерзім осы кезде аяқталуға таяу. Жылыту мерзімі бойына барлық энерго нысандары жіті бақылауда болды.

«Жылыту мерзімінде орын алған шаттан тыс жағдайлар немесе апттар мен жылу жүйесіне келтірілген зияндардың барлығы дер кезінде реттеліп, жөнделіп отырды»,-делінген хабарламада.  

251 жылу энергиясын есептеу құралы орнатылды. Бұл істі 100 пайыз жүзеге асыру мақсатында бірнеше қаржы көздері қарастырылды. 1-ші мамырдан бастап, жылу энергиясына сараланған тарифтер енгізілетін болады.  

Әкімдік өкілдерінің хабарлауынша, үйлерінде жылу энергиясын есептегіш құралдары жоқ азаматтар жылу үшін қаржыны 20 пайыз көп төлейтін болады. Бұл жергілікті тұрғындарды үнемдеуге ынталандырады. Оның үстіне мұндай құрылғыларды орнату жылуды пайдалану көлемін азайтатындығын көрсетіп отыр. Бұл мәселелерді жергілікті тұрғындарға айтып, түсіндіру керек. Ұлттық экономика министрлігі қазіргі таңда үйге арналған энергияесептегіш құралдарды «ТҮКШ-ні дамыту қоры» АҚ  арқылы қаржыландыруды ұсынып отыр.  

Қостанай облысында осы бағытта, яғни 833 жылу энергиясын есептегіш құрал орнату үшін 562 миллион теңге бөлінгелі отыр. Бұл өз кезегінде облыстағы тұрғын үйлердің 50 пайызын есептегіш құралдармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қала әкімдіктері бұл бағыттағы жұмыстарды коммуналдық кәсіпорындармен бірлесіп жүргізетін болса, облыстың тұрын үй қорының есептегіш құралдармен қамтамасыз етілуі  65 пайызды қрайтын болады.

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды