- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда Қазақстан мен Венгрияның ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастығы талқыланды
Алматыда Қазақстан мен Венгрияның ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастығы талқыланды
Тараптар ауыл шаруашылығы саласын дамыту аясында екі елдің ынтымақтастығын талқылады. Атап айтқанда, Қазақстанның агроөнеркәсіп кешеніне инвестицияларды тарту сұрақтары көтерілді.
Бүгінде бірнеше ірі венгрлік компаниялар Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарын салу мүмкіндігін қарастыруда.
Соған қоса, Венгриядан Қазақстанға ірі қара мал етінің экспортын ашу және Қазақстандық-Венгрлік қордың тікелей инвестияларын құру мәселелері талқыланды.
Ертерек, Будапешт қ. «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ мен Венгрияның экспорттық-импорттық банкі мен Қорды ашу аясында өзара келісу бойынша Меморандумға қол қойылды.
Қордың мақсаты Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің жобаларын инвестициялау болып табылады. Қордың жарғылық капиталы 50% көлемінде венгрлік тарап пен «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның үлестік қатысуымен 40 млн. АҚШ долларын құрамақ. Венгрлік тараптың серіктестігі Венгрияның экспорттық-импорттық банкі болмақ.
Сондай-ақ, «КазАгроИнновация» АҚ ғылыми-зерттеу институттарымен Венгрияның Ауыл шаруашылығы министрлігіне ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу, тұқым шаруашылығы, селекция және гендік қормен алмасу бойынша бірлескен ғылыми зерттеулерді өткізу аясында ұсыныстар жолданды.
«Витафорт» венгрлік компаниясы Қазақстанда сүт саласымен мал шаруашылығына арналған жемшөпті өндіруді инвестициялау бойынша қызығушылық танытты. Бүгінгі таңда компания Қазақстандағы азықтың дақылдар нарығын саралауда. Өткен жылы компания өкілдері бірінші агроөнеркәсіп инвестициялық форумына қатысып, Ақмола облысындағы «Қазгер құс» ЖШС пен Қарағанды облысындағы «Мелькомбинат» АҚ аралады.
Кездесу барысында Министрлер венгрлік азық-түлік тауарларының көрмесіне қатысты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды