• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ұлттық патенттік жүйенің 20 жылдығына орай Бурабайда Халықаралық семинар өтеді

Ұлттық патенттік жүйенің 20 жылдығына орай Бурабайда Халықаралық семинар өтеді

7 Қазан, 2013 13:12
Бурабай курорттық аймағында 16-18 қазан күндері Ұлттық патенттік жүйенің 20 жылдығына орай Халықаралық семинар өтеді. Ұйымдастырушылар зияткерлік құқықтық жеке-меншік Комитеті мен Әлемдік зияткерлік жеке-меншік ұйымы,деп ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Семинардың мақсаты патенттік қызметтердің бағыттарын қарастыру, жаңа патенттік саясаттың қалыптасуы мен пікірлерді жинақтау болып табылады», - деп хабарламада жазылған.

Семинарға халықаралық ұйымдар мен Еуразиялық экономикалық комиссия, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Дүниежүзілік сауда ұйымы, Еуразиялық патенттік ұйым өкілдері қатысады. Сонымен қатар,  Кавказ, Балтық, Орталық Азия, Орталық және Шығыс Еуропаның патенттік ведомстволарының өкілдері қатысады.  

Семинар қорытындысында бойынша зияткерлік қауымның қайраткерлеріне ерекше көңіл бөлінетін болады.

 

Барлық жаңалықтар