- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Қазақстан-Австрия Іскерлік кеңесінің ІІІ-отырысы өтті
Астанада Қазақстан-Австрия Іскерлік кеңесінің ІІІ-отырысы өтті
Отырыс барысында екі жақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ екі елдің инвестициялық ахуалын жақсарту бойынша ақпараттар ортаға салынды.
Сонымен бірге, бірқатар қазақстандық және австриялық компаниялардың басшылары «В2В» форматында кездесу өткізіп, көлік-логистика саласы, машина жасау, мұнай-газ саласы, энергетика және құрылыс саласы, тағам өнеркәсібі және медицина саласына қатысты өзара ынтымақтастыққа қатысты сұрақтарды талқылады.
Қазақстан тарапынан ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ Басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев Іскерлік кеңестің тең төрағасы ретінде қатысты. Австрия тарапынан Іскерлік кеңесті Австрия экономика палатасының вице-президенті доктор Рихард Шенц басшылық етті.
Отырыс барысында «Қазақстанның сыртқы сауда палатасы» ЖШС, «KazNexInvest» АҚ, «Тобол» ӘКК» АҚ және т.б. кәсіпорындар өкілдерінің баяндамалары тыңдалды.
Қазақтан-Австрия Іскерлік кеңесін құрудағы мақсат – Қазақстан мен Австрия арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға, сауда және инвестициялық әріптестікті жаңғыртуға, екі елдің іскер топтары арасындағы қарым-қатынасты нығайту, екі ел кәсіпкерлері үшін бизнес ахуалды жақсарту.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті -
Елордада «Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклі өтті
-
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті -
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кездесу өтті -
Мәскеуде Қазақстан мен Ресей әріптестігінің 30 жылдығына орай конференция өтті -
Түркі кеңесінің бейресми саммиті: Президенттер ұсыныстары, Түркістан қаласының тарихи маңызы, экономикалық ынтымақтастық -
Нұр-Сұлтан қаласында «Құнанбай» спектаклінің премьерасы өтті -
Қорғаныс министрлігінде Қауіпсіздік Кеңесі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті -
Елордада «Абай» альбомының тұсаукесері өтті -
30 жыл: Елордада «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен кездесу өтті -
Елордада Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына орай ғылыми конференция өтті