- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы әкімі метроның «Мәскеу» және «Сайран» жаңа бекеттерінде тексеру жүргізді
Алматы әкімі метроның «Мәскеу» және «Сайран» жаңа бекеттерінде тексеру жүргізді
Қазіргі кезде бұларда барлық тестілік тексерулер мен өзге де сараптамалық жұмыстар аяқталып қалды, қызметкерлер штаты анықталды.
Мегаполис басшысы жолаушылардың қауіпсіздік мәселесіне айрықша назар аударып, жаңа бекеттердің барлық жүйелерін тағы да бір рет жіті тексеріп шығуды тапсырды.Негізінен, барлық тораптар мен агрегаттарды қайта сараптаудан өткізіп, қосу, жіберу мен реттеу жұмыстарының нәтижесін бақылау қажет екендігін айтты.
«Мәскеу» және «Сайран» бекеттерінің беріктігі ойдағыдай. Метро - спецификалық көлік,сондықтан мұнда бірінші кезекте жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен жөн», - деп атап өтті Ахметжан Есімов.
Мегаполис басшысы, жаңадан салынған «Сайран» және «Мәскеу» бекеттері іске қосылса, мамандардың болжамы бойынша жолаушылар қатары екі есеге артатынын жеткізді. Пайдалануға берілгеніне аз ғана уақыт болғанына қарамастан заманауи және экологиялық қауіпсіз көлік қала тұрғындары мен қонақтарының көңілінен шығып, еш үзіліссіз қызмет көрсетуде. Мысалы,егер алғашқы кездері метроны тәулігіне 13-14 мың адам пайдаланса, қазір олардың саны 24 мыңға жетіп отыр. Өткен жылдың аяғында тасымалданған жолаушылар саны 20 млн. адам болған.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау