• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандық гроссмейстер Санкт-Петербургтегі шахмат турнирінде бірінші орын алды

Қазақстандық гроссмейстер Санкт-Петербургтегі шахмат турнирінде бірінші орын алды

7 Қазан, 2013 11:27
Қазақстандық шахматшы Ринат Жұмабаев Санкт-Петербургтегі блиц турнирде бірінші орын алды, деп хабарлайды Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

«24 жасар павлодарлық Ринат Жұмабаев бүгінде халықаралық гроссмейстер және еліміздегі ең үздік шахматшылардың бірі болып саналады», - делінген хабарламада.

Аталмыш бәйгеде екінші және үшінші орындарды Ресейлік шахматшылар иеленген. «Бәйгеге жалпы 155 шахматшы қатысты. Соның 32-сі гроссмейстер. Қазақстаннан 5 спортшы қатысқан».

Санкт-Петербургтегі блиц турнир М.И.Чигорин мемориалы шеңберінде ұйымдастырылған. М.И.Чигорин  мемориалы 4-14 қазан аралығында өткізілетін Ресей Федерациясының шахмат кубогы  болып табылады.

 

 

 

Барлық жаңалықтар