- Басты
- Жаңалықтар
- ИИДМБ: Қостанай облысының индустриалды аймағында сафлорды қайта өңдейтін база салу жоспарланып отыр
ИИДМБ: Қостанай облысының индустриалды аймағында сафлорды қайта өңдейтін база салу жоспарланып отыр
Облыс әкімдігінің хабарлауынша, кездесу аясында екіжақты ынтымақтастық пен Қостанай облысына инвестиция тарту мәселелері сөз болған.
«Қазіргі таңда «Kaz-Ir Agro» ЖШС сафлор өсірумен және сафлор майын қайта өңдеумен айныласытан ұжым. Оның өндіріс ошағы Жамбыл облысының аймағында орналасқан. Онда ай сайын 100 мың литр май шығарылады, ал 2017 жылы компания айына 500 мың литр май шығаруда жоспарлап отыр. Сафлор майы Ресей, Грузия, Иран, АҚШ, Қытай сияқты мемлекеттерге экспортталады»,-делінген хабарламада.
Қазақстандық-ирандық компания Жетіқара ауданының Волгоградск ауылында да өндіріс аймағын кеңейтуді көздеп отыр. Компания онда да сафлор өсіретін болады. Сонымен қатар индустриалды аймақта сафлорды қайта өңдейтін база салу көзделіп отыр.
Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, алдын ала болжамдар бойынша қайтап өңдейтін зауыт салу үшін 300 миллион теңгеге жуық қаражат қажет. Бұл ретте компанияның жеке өзінің қаржысы 50 миллион теңге болса, 250 миллион теңгені займ ретінде алу көзделіп отыр. Зауыттың қуаты алдын ала жоспар бойынша тәулігіне 7 тоннаны, ал жұмыс орындары 40 адамды құрайтын болады.
Кездесудің қорытындысы бойынша компания Жетіқара ауданында жер бөлу үшін қажетті конкурсқа қатысатын болып келісілді. Конкурс биылғы жылдың наурыз айында өтеді. Жетіқара ауданында аталмыш жобаны жүзеге асыру үшін «Kaz-Ir Agro» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен жергілікті атқарушы органдардармен бірлесіп, тиісті жұмыстар атқарады.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Халық санағы: Өту барысы, санақ бұрыштары, деректер базасындағы қателер -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Қостанай облысы: Сыбайлас жемқорлық қылмыстары, бизнесті қорғау және АШ-ты субсидиялау -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру