- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда 5 жылдың ішінде қоғамдық көлік жолаушыларының саны 1,7 есеге өсті – Есімов
Алматыда 5 жылдың ішінде қоғамдық көлік жолаушыларының саны 1,7 есеге өсті – Есімов
Қала әкімдігі хабарлағандай, қала басшысы қала тұрғындары арасында қоғамдық көлікті насихаттауды күшейту, бағыт желілерін оңтайландыру, электронды билет беруді енгізу, тасымалдан түскен кірісті толық жария ету жалпы жолаушы тасымалында қоғамдық көліктің үлесін 32 пайызға арттыратынын атап өтті.
Бұдан өзге әкім экологиялық таза қоғамдық көлікті дамыту мен көлікті газға көшіру ісінің одан әрі жалғасатынын айтты. Қазіргі кезде коммуналдық меншікте газбен жүретін 600 автобус бен 400 такси бар, сонымен қатар 232 троллейбус пен трамвай және метро қалалықтарға қызмет көрсетеді. Осылайша, газбен және электрэнергиясымен жүретін қоғамдық көлік саны 10 пайыздан 60%-ға өсті.
«Бұл жұмыс одан әрі жалғасын табатын болады, біз жеке тасымалдаушылармен біріге отырып, келер жылдың аяғына дейін экологиялық таза көліктің үлесін 100%-ға жеткізу жөніндегі межемізді жүзеге асыруымыз қажет. Өз кезегінде, көліктің экологиялық түріне мемлекеттік қолдау білдіру жеке көліктерді біртіндеп газға және электрэнергиясына көшіруге ықпал етуі тиіс», - деді Ахметжан Есімов.
Бұдан өзге, әкім ішкі жүйедегі бірқатар кемшіліктерге де тоқталып өтті. Ең алдымен, муниципалды қоғамдық көлік кірістің қосымша көздерін іздестіруі тиіс. Қала әкімі автобус парктеріндегі көліктерді пайдалану мерзімдері, оларды техникалық байқаудан өткізу, көліктердің эстетикалық сипаты мен безендірілуі бойынша автопарк басшыларының жауапкершілігін күшейтуді, сонымен қатар жүргізушілердің барынша тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жүйені жасап, бекітуді тапсырды.
Ахметжан Есімов және 2009 жылмен салыстырғанда Алматыда қоғамдық көлік жолаушыларының саны 110 млн. адамға артқанын да айтты. Яғни, 5 жыл ішінде жолаушы айналымы 1,7 есеге артқан.
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
COVID-19: Әлем елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты