- Басты
- Жаңалықтар
- М.Жолдасбеков: ҚР Президенттігіне үміткер Ә.Құсайынов мемлекеттік тілді меңгергендігін анықтау рәсімінен өтті
М.Жолдасбеков: ҚР Президенттігіне үміткер Ә.Құсайынов мемлекеттік тілді меңгергендігін анықтау рәсімінен өтті
Болған емтиханның нәтижелері бойынша лингвистикалық комиссия ашық дауыс беру арқылы бірауыздан Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайыновтың мемлекеттік тілді еркін меңгергені туралы шешім қабылдады.
«Бүгін мемлекеттік тілді меңгергендігін анықтау рәсімінен Президенттікке кандидат Әбілғазы Құсайынов өтті. Кандидат үш тапсырма орындады. «Ел мен жер тағдыры» тақырыбына шығарма жазды, бұл ретте жалпы білімі деңгейінің жоғары екенін көрсетті, экологиялық мәселелерді шешудегі өз көзқарасын баяндап жазды. Жіберілген қателер саны – 6. Екінші тапсырма бойынша Мұхтар Әуезовтың прозасынан үзінді оқыды. Үшінші тапсырма бойынша үміткер «Ырыс алды – ынтымақ» тақырыбында 15 минуттық сөз сөйледі, сөз сөйлеу кезінде өз ойын еркін жеткізе білетінін және әдеби тілді жақсы меңгергендігін көрсетті, ауқымды қоғамдық-саяси проблемаларды қозғай отырып, тақырыпты жан-жақты ашты, комиссия мүшелерінің сұрақтарына түбегейлі жауап берді», - деп мәлімдеді Лингвистикалық комиссияның төрағасы Мырзатай Жолдасбеков.
Шешім лингвистикалық комиссияның 2015 жылғы 14 наурыздағы № 14 хаттамасымен ресімделді.
Отырысқа Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен қатысты.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары