- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасы кітапханасында Н.Назарбаевтың өмірі мен саяси қызметіне қатысты 700-ге тарта түрлі жәдігер бар (Фото)
Елбасы кітапханасында Н.Назарбаевтың өмірі мен саяси қызметіне қатысты 700-ге тарта түрлі жәдігер бар (Фото)
Кітапханының баспасөз қызметі хабарлағандай, 2014 жылдың 13 қаңтарында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа қол қойды.
Іс-шараның ашылуында сөз сөйлеген Кітапхана директорының міндетін атқарушы М.Қасымбеков президенттік кітапхананың жұмыс істей бастағаны Қазақстанның қоғамдық өмірі үшін маңызды оқиға екеніне тоқталды. «Пайда болған бұл жаңа дәстүр республикамызда алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибе арнасындағы президенттік институтты нығайтуға, сондай-ақ ұзақмерзімдік перспективадағы мемлекеттің дамуындағы тарихи мұраны және саяси бірізділікті сақтауға бағытталған», - дейді Кітапхана директорының міндетін атқарушы.
Кітапхананың жүрегі – жинақталған қоры. Бүгінде мұнда 40 мыңнан аса кітап пен журналдар, Мемлекет басшысының жеке мұрағатынан 101 мыңнан астам видео-, аудио-, фотоқұжаттар және басқа да дәстүрлі құжаттар, сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен саяси қызметіне қатысты 700-ге тарта түрлі жәдігер сақтаулы.
Кітапханада қазірдің өзінде еліміз аймақтарынан келген қонақтар мен шетелдік делегацияларға, олардың арасында мемлекет басшыларына да таныстыру экскурсиялары өткізілді.
«Елбасы Кітапханасының міндеті кітапханалық-мұрағаттық немесе экспозициялық-көрме қызметімен шектелмейді», - деп атап өтті М.Қасымбеков.
Мекеме жұмысының өзекті бағыттары – Президенттің жұмыс кестесін ғылыми-талдамалы тұрғыдан сүйемелдеп отыру, сондай-ақ Мемлекет басшысының стратегиялық бастамаларын қолдау мақсатында идеологиялық және қоғамдық іс-шаралар атқару.
Осы тұрғыда былтыр өткізілген іс-шаралар ішінде мыналарды атап көрсетуге болады: 5 мыңнан астам ұстазды қамтыған «Әлемді өзгертетін идеялар» республикалық «дөңгелек үстелдері», «Тұңғыш-Первый» кино апталығы, Н.Назарбаевтың қазақ тілінде сөйлеген сөздерінің таңдамалы көп томдығының, «Біздің Президент» кітаптарының таныстырылымы және басқа да қоғамдық маңызды жобалар.
Бүгінде еліміздің Тұңғыш Президенті туралы кітаптар Кітапхананың желісімен дайындалып, ағылшын, неміс, мажар, қытай, араб, түрік тілдерінде шығарылды. Олардың Берлинде, Будапештте, Бейжіңде, Дубайда, Ыстамбұлда өткізілген таныстырылымы аталған елдер жұртшылығының үлкен қызығушылығын туғызды.
Халықаралық ынтымақтастықты дамыту бағыты бойынша ұлкен істер атқарылды. Мәселен, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы мен Германияның демократиялық жолмен сайланған алғашқы рейхс-президенті Фридрих Эберт атындағы қор арасында ынтымақтастық жөнінде уағдаластыққа қол қойылды. Осы тектес уағдаластық Қытайдың қазіргі заманғы халықаралық қатынастар академиясымен жасалды. Өткен жылы Кітапхана АҚШ, ҚХР, Жапония, Үндістан, Еуроодақ елдері, Орта Азия және Кавказдың барлығы 32 белгілі ғылыми орталықтарымен сындарлы қарым-қатынас орнатты.
Шара соңында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі атынан жаңа ұйымның қалыптасуы мен дамуы жолында зор үлес қосып жүрген қызметкерлерге алғыс хаттар табыс етілді.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері