- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҚМ Кадет корпусын 2 мыңнан астам сержант аяқтады (Фото)
ҚР ҚМ Кадет корпусын 2 мыңнан астам сержант аяқтады (Фото)
«Осы уақыт аралығында ҚР Қарулы Күштерінің кіші командалық құрамы 2 200-ден астам мамандармен толықты.Бүгінгі таңда кадеттік әскери қызметшілер түрлі бөлімдер мен бөлімшелерде Қарулы Күштердің бас сержантынан бастап бөлімше командирлеріне дейінгі лауазымдарда әскери қызметтерін лайықты атқарып жүр. Жуырда әскери оқу орнында жаңа іріктеу басталады», - делінген хабарламада.
Кадет корпусында оқуға 17 мен 21 жас аралығындағы жас азаматтар, сондай-ақ 23 жастан аспаған келісімшарт бойынша және мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер қабылданады. Оқу бағдарламасы бір жыл он ай мерзімге есептелген. Кадеттер бірінші курста өздеріне алдағы қызметте қажетті әскери істің маңызын зерделейді, әскери ант қабылдап, 10 жыл мерзімге келісімшарт жасасады. Екінші курста әскери тағылымдамадан өтуге кіріседі.
Олар ҚР ҚК әскери бөлімдеріне жіберіліп, ол жерлерде алған теориялық білімдерін іс жүзінде тиімді қолдануға үйренеді, дағдылар мен тәжірибе жинақтайды. Кадеттер оқу аяқталысымен «басқару» мамандығы бойынша диплом алады, сонымен қатар «Әскери басқарудың (менеджер) кіші маманы» біліктілігі, «3-сыныпты БМП жүргізуші механигі» және «В», «С» санатындағы автокөлік жүргізушісі куәліктері беріледі. Кадет корпусы білікті әскери кадрлар даярлайтын оқу орны ретінде қалыптасқанына қарамастан әлі де даму, жетілу үстінде. Өткен жылы қосымша оқу циклдері құрылып, сержанттар құрамының бөлім және қызмет сержанты, оқытушы сержант сияқты жаңа лауазымдары енгізілді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда