- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда 22 мың мүмкіндігі шектеулі адам спортпен шұғылданады – ҚР МСМ
Қазақстанда 22 мың мүмкіндігі шектеулі адам спортпен шұғылданады – ҚР МСМ
ҚР МСМ хабарлағандай, бүгінде Қазақстанда 626 мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі жан бар. Олардың 245 мыңға жуығы (45 %)дене шынықтыру және спортпен шұғылдана алады.
Республика көлемінде мүгедектерге арналған 10 спорт клубы(Астана және Алматы қалаларында, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында), 2 мүгедектер арасындағы мамандандырылған спорт мектебі (Қарағанды және Оңтүстік Қазақтан облыстарында), Павлодар облысында 1 спорттық ойын түрлері және мүгедектер спорты балалар мен жасөспірімдер мектебі, сондай-ақ, Қызылорда облыстық мамандандырылған олимпиялық резерв балалар мен жасөспірімдер мектебіндегі 1 мүгедектер спорты бөлімі қызмет етеді, аталған ұйымдарда спортпен шұғылданушылар саны 4703 адамды құрайды.
Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын мүмкіндігі шектеулі жандар санының 2013 жылғы 18 220 адамнан (8,7%) 2014 жыл қорытындысындағы 22 582 адамға (9,2%) өскені байқалады.
Министрлік 4 жылда бір рет 3 деңгейде (аудан, облыс, республика) мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында Спартакиада, Қазақстанның бүкіл өңірінен спортшылардың қатысуымен ҚР Паралимпиада ойындарын өткізеді.
Паралимпиада ойындары қатысушыларын ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі 2014 жылғы 4 ақпанда № 53 «Жоғары жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы құрама командалары спортшылары мен жаттықтырушыларын материалдық ынталандырудың кейбір мәселелері туралы» Қаулы қабылдады. Осыған орай, спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына материалдық сыйақы төленді.
Сонымен қатар, «Дене шынықтыру және спорт туралы» жаңа Заңға сәйкес, Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар, Республикалық бюджеттік комиссия шешімімен Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін ай сайын 24 АЕК көлемінде материалдық қамсыздандыру нормалары енгізілді. Одан бөлек, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне үй-жай беру нормасы енгізілді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады