- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысында ҰОС Жеңісінің 70 жылдығына орай «Донор күні» акциясы өтті (Фото)
Алматы облысында ҰОС Жеңісінің 70 жылдығына орай «Донор күні» акциясы өтті (Фото)
15 Наурыз, 2015 15:01
Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығы қарсаңында бүгін Талдықорған қаласындағы облыстық қан құю орталығында «Донор күні» акциясы өтті.
Облыс әкімдігі хабарлағандай, шараның ашылу рәсімінде Алматы облысы әкімінің орынбасары Бахтияр Өнербаев сөз сөйлеп, бұл бағыттағы жұмыстардың халық денсаулығы үшін жасалып жатқандығын жеткізді.
« Донордың қаны көптеген адамдардың өмірін сақтап қалатыны сөзсіз. Сол үшінде осындай шараларға жастар мен дені сау жандардың көптеп қатысуы қажет. Бүгін донор ретінде осы орталыққа мен де қан тапсыратын боламын», - деді облыс әкімінің орынбасары.
Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша соғыс жылдары донор қанының арқасында майдан алаңына тұрақтты түрде қан жөнелтіліп, көптеген жауынгерлер аман қалған. Бүгінгі күні де донорлық қанға сұраныс жоғары. Орталық директоры Нүсіп Исаевтың мәлімдеуінше мекемеге жылына 8 мың литр қан өткізіледі екен.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Елордадағы эпиджағдай: инфекциялық стационарлардың жүктемесі 70%-дан асты