- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылордада кәсіпкерлікті дамыту бойынша үйлестіру орталығы ашылады
Қызылордада кәсіпкерлікті дамыту бойынша үйлестіру орталығы ашылады
Жиынды ашқан облыс әкімі Қ.Көшербаев жуырда өткен «Нұр Отан» партиясының съезінде де кәсіпкерлікті қолдау мәселесі талқылағанын атап өтті. Елбасы кәсіпкерлікті дамыту қажеттілігін айтып, шағын және орта бизнесті қолдау мәселесіне ерекше тоқталды.
Бизнес саласын дамыту бойынша бірқатар мәселелерді облыстық кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Асқар Махамбетов ұсынды. Өңірде мұнай өңдеу көлемінің төмендеуіне байланысты ауыл шаруашылық саласына ерекше көңіл бөлу қажеттігін айтты.
«Ауыл шаруашылық саласы қайтарымы тез кәсіпкерлерлік салаларының біріне жатады. Сондықтан аймағымыздың экономикасын әртараптандыру жұмысына оның пайдасы зор», - деді А.Махамбетов.
Сонымен қатар, кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы облысымызда кәсіпкерлер ұйымын ашуға және өңірдің инвестициялық деректерінің бірыңғай базасын жасақтауды ұсынды. Қазіргі экономикалық жағдайда бірлесіп жұмыс жасау қажет дейді.
Бірнеше кәсіпкер бизнестің жұмысын әрі қарай жандандыру мақсатында өздерінің ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Жиын қорытындысында облыс әкімі барлық ұсыныстар ескерілетіндігін айтты. Сондай-ақ, облыста кәсіпкерлікті дамыту бойынша үйлестіру орталығы ашылады. Ол орталық инвестициялық жобаларды іріктеу және сүймелдеу және аймаққа инвестицияларды тартумен айналысатын болады.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды