- Басты
- Жаңалықтар
- Президенттікке кандидат Н.Назарбаевтың сайлаудағы штабын М.Құл-Мұхаммед басқарады
Президенттікке кандидат Н.Назарбаевтың сайлаудағы штабын М.Құл-Мұхаммед басқарады
Алдағы сайлауда Мемлекет Басшысына қолдау көрсету мақсатында Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед жетекшілік ететін Республикалық штаб және еліміздің барлық аймақтарында, соның ішінде елордамыз Астана қаласында қоғамдық штаб құрылды.
«Мен Астана қалалық қоғамдық штабтың жетекшісі болып тағайындалдым. Сондай-ақ Президенттікке үміткер, Елбасының сенімді өкілі болып бекітілдім. Бұл мен үшін абыройлы міндет, жауапкершілігі жоғары қызмет- деп мәлімдеді Астана қалалық қоғамдық штабының жетекшісі Сапар Қайратұлы Ахметов.
Қалалық штаб Тәуелсіздік көшесі 3, «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының ғимаратында орналасқан. Штаб құрамында қаламызға белгілі қоғам қайраткерлері, партия мүшелері, қоғамдық және үкіметтік емес ұйым өкілдері қарастырылған.
«Штаб құрамында қаламызға белгілі қоғам қайраткерлері, партия мүшелері, қоғамдық және үкіметтік емес ұйым өкілдері қарастырылған», - деді ол.
Штаб жұмысының негізгі міндеті Президенттікке кандидат Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты сайлау кампаниясына жан-жақты қолдау жасау, үміткердің сайлауалды бағдарламасын халық арасында кеңінен насихаттау.
Қалалық штабтың құрамына ұйымдастыру, үгіт-насихат жүргізу, заңнамалық, сараптамалық қызмет және ақпараттық қамтамасыз ету топтары енеді. Сонымен қоса, Президенттікке кандидаттың қоғамдық қабылдау бөлімі және баспасөз қызметі жұмыс істейді», - деп айта кетті.
Желілік кесте бойынша еңбек ұжымдары мен тұрғын үй аулаларында, ірі ұйымдарда, кәсіпорындарда кездесулер, жастар қатысуымен флешмобтар және пікірсайыстар өткізу жоспарланған. Жұмыс барысында жаңа ақпараттық технологиялар және әлеуметтік желілерге басымдық беріледі.
-
Сайлау 2021: Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталды -
Сайлау-2021: Кандидаттарды ұсыну тәртібі, кезеңдері және комиссия өкілеттерін нақтылау мәселелері -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
Парламент Мәжілісі депутаттына ҚХА кандидаттарына дауыс беру нәтижесі жарияланды
-
Үгіт-насихат жұмыстары: кандидаттар өңірлерде бағдарламаларын таныстырды -
«Nur Otan» съезі: Сайлауалды бағдарлама қабылданып, кандидаттар тізімі белгілі болды -
Қазақстанның халық партиясы сайлауға қатысатын кандидаттар тізімін жариялады -
Қ.Тоқаев Шұғыл әрекет ету штабының кеңесін өткізді -
А. Мамин республикалық Жедел әрекет ету штабының отырысын өткізді -
Соңғы қорытынды: Сайлаудағы өңірлердің белсенділігі -
«Nur Otan» партиясының атынан Президенттікке үміткер – Тоқаев -
Сайлау-2019: Президенттікке кандидаттар кімдер болуы мүмкін? -
Кезектен тыс сайлау: Президент кандидаттарына қойылатын талаптар -
Кезектен тыс сайлау: Кім президенттікке кандидат бола алады? -
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының комиссиясы бірқатар әскери бөлімдер мен құрамаларды тексерді