• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Қазгермұнай» ЖШС ҚР Пезиденттігіне Н.Назарбаевтың кандидатурасының ұсынылуын қолдайды

«Қазгермұнай» ЖШС ҚР Пезиденттігіне Н.Назарбаевтың кандидатурасының ұсынылуын қолдайды

13 Наурыз, 2015 16:52
«Қазгермұнай» ЖШС-нің еңбек ұжымында Нұр Отан» партиясының Қазақстан Президентінің Кандидаттығына Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты ұсыну туралы қабылдаған шешімін қолдау мақсатында жиын болып өтті.

Жиынға барлығы 300-ден аса еңбек ұжымының мүшелері  қатысты.  «Қазгермұнай» ЖШС-нің еңбек ұжымы «Нұр Отан» партиясының Қазақстан Президентінің Кандидаттығына  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты ұсыну туралы қабылдаған шешімін толығымен қолдайды.

Біздің кәсіпорын мұнай өндіру саласында 20 жылдан астам уақыт жұмыс атқарып келеді. Біз үшін «Парыз» сыйлығының «Үздік әлеуметтік-жауапты кәсіпорын» бағамы бойынша Бас жүлде алуымыз үлкен абырой болды. Біздің үлкен жетістіктеріміз – еліміздің жоғары биіктерге жетуі және елімізде жүргізіліп отырған сарабдал және көреген саясаттың нәтижесі.

Тәуелсіздік алған жылдары Қазақстан 24 жыл бұрын армандауға да келмейтін  үлкен белестерді бағындырды. Біздің қызметкерлеріміз ертеңгі күнге сенімді, себебі жұмыспен, әлеуметтік жеңілдіктермен қамтылған және барлық өңірлер өсіп, табысты дамуда. 2014 жылы темір рудасы мен мұнай бағасы әлемдік деңгейде төмендеуіне қарамастан Қазақстан экономикасы тұрақты, өндіріс өнімдерінің өсуі байқалуда. Бұл  индустриалды даму және жаңа экономикалық саясат бағдарламасын іске асырудың  нәтижелері.

«Қазгермұнай» ЖШС-нің еңбек ұжымы Қазақстан Президентінің Кандидаттығына Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаевты ұсыну туралы шешімді толығымен қолдайды

Барлық жаңалықтар