Қашағандағы мұнай шығаруды қайта жаңғыртты

7 Қазан, 2013 11:15
Қашағандағы мұнай өндірісі орнында газ кетудің салдарынан тоқтатылған мұнай шығару жаңғыртылады, деп хабарлайды Мұнай және газ министрлігінің баспасөз қызметі.

«6 қазанда Қашаған кен орнындағы жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін мұнай шығару қиындықсыз жалғасатын болады», - делінген хабарламада.

24 қыркүйек күні газ құбырларын тексеру барысында газ кету ақауы 24-і анықталған. Аталмыш ақау D Аралынан «Болашақ» зауытына тартылған құбырдың  2,5 шақырымындағы санитарлы-қорғалған аймақтан шыққан.

«Жер үстіндегі және теңіздегі барлық қондырғылар бөгеліс режиміне ауыстырылып, мұнай өндіру тоқтатылды. Санитарлы-қорғалған аймақтың ішкі жағдайы  мен басқа да аймақтардың жағдайы бақылау үстінде», -  делінген хабарламада.

Өз кезегінде Атырау ТЖД мен Атырау облыстық экология департаменті осы мәселе бойынша тексеріс жүргізуді қолға алды.

«Қазіргі уақытта ақаудың шығу себебі анықталған. Жөндеу жұмыстары аяқталды. Барлық жұмыстар халықаралық қауіпсіздік техникасы шеңберінде жасалып жатыр», - деп хабарламада нақтыланған.

 

 

 

Барлық жаңалықтар