- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан халқының саны 17,4 млн адамды құрайды
Қазақстан халқының саны 17,4 млн адамды құрайды
2014 жылғы 1 ақпанмен салыстырғанда халық саны 252,3 мың адамға немесе 1,5% өсті.АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2015ж. қаңтарда туылғандар саны 33,4 (33,7) мың адамды құрап, 2014 жылғы қаңтарға қарағанда 0,9% кеміді. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 22,44 (22,96) туылғандарды құрады.
2015 ж. қаңтарда республика халқының табиғи өсімі 2014ж. қаңтармен салыстырғанда 0,2 мың адамға немесе 1% артып, 21,7 (21,5) мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 14,55 (14,62) адамды құрады.
Елімізден кеткен көшіп-қонушылардың тіркелу саны 12,2% көбейіп, 1 589 адамды құрады, көші-қонның айырымы 141 адам болды. Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болуда. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің үлесі, тиісінше, 89,5% және 89,0% құрады.
Қарастырылып отырған кезеңде 2014ж. сәйкес кезеңімен салыстырғанда ел ішінде көшіп-қонушылар саны 13 804 адамға немесе 49,3% көбейіп, 41 796 адамды құрады. Өңіраралық көшіп-қонушылардың үлесіне еліміздің жалпы ішкі көшіп-қонушылар санының 40,4% (43,7%) тиесілі. Өңіраралық көші-қонның оң айырымы Алматы (2 690 адам), Астана (473 адам) қалаларында және Ақмола (124 адам), Маңғыстау (78 адам), Ақтөбе (11 адам) облыстарында қалыптасты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді