• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Алтын Тау Көкшетау» ЖШС-ның ұжымы ҚР Президенттігіне Н.Назарбаевтың кандидатурасы ұсынылған бастаманы қолдау мақсатында үндеу қабылдады

«Алтын Тау Көкшетау» ЖШС-ның ұжымы ҚР Президенттігіне Н.Назарбаевтың кандидатурасы ұсынылған бастаманы қолдау мақсатында үндеу қабылдады

13 Наурыз, 2015 15:51
«Алтын Тау Көкшетау» ЖШС-ның ұжымы ҚР Президентіне үміткерлікке кандидатурасын ұсынған Н.Назарбаевты қолдау мақсатында үндеу қабылдады

«Біз «Алтын Тау Көкшетау» ЖШС-ның  2200 адамнан асатын ұжымы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кандидатурысы  Қазақстан Республикасы Президенттігіне ұсынылғанын толығымен қолдаймыз. Елімізде заманауи қазақстандық мемлекеттіліктің берік негізі қаланған, барлық азаматтар үшін мүмкіндіктер жүйесі жасақталған, бір сөзбен айтқанда жарқын болашаққа жол салынған», - делінген үндеудің мәтінінде.

Аталып өткендей, жалпыұлттық жетістіктердің бірі масштабты Индустриалды  инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы бар, оның аясында жүздеген жаңа кәсіпорындар ашылып, өндіріс ошақтарының технологиясы жаңғыртылды.

Біздің инфрақұрылымдық дамуымыздың «алтын бетіне»  «Нұрлы жол  Болашаққа бастар жол» халыққа Жолдауы айналды. Оның аясында экономиканың көптеген салаларына серпін беріледі.

«Біз Қазақстандағы ірі кәсіпорындардың бірінің ұжымы ретінде бұл шешімді толығымен қолдаймыз.

«Алтын Тау Көкшетау» ЖШС-ның ұжымы ҚР Президентіне үміткерлікке кандидатурасын ұсынған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты толығымен қолдайды», - делінген үндеуде.

Барлық жаңалықтар