- Басты
- Жаңалықтар
- Астана Бангкоктағы «Азия-Еуропа» форумына қатысты
Астана Бангкоктағы «Азия-Еуропа» форумына қатысты
«Азия-Еуропа» форумына қатысушы елдердің қала басшыларының басын жинаған үш күндік форум мегаполистер жұмысының өзекті мәселелері бойынша тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Дүниежүзі астаналарының әкімдері мен губернаторлары экология, көлік және қала жол қозғалысы, туризм дамуы, мәдени алуан түрлілік және дағдарыс ахуалдарын алдын алу секілді тақырыптарды көтерді.
Бангкок губернаторы Сукумбанд Парибатра өзінің сөзінде жаһандану және ағымды геосаяси оқиғалар аясында Азия мен Еуропа ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтіп, «Азия-Еуропа» форумының жаңа мүшесі – Астана делегациясын қошеметтеді.
Іс-шара барысында халықаралық қатысушылар Қазақстанның жүрегі мен мақтанышы болып табылатын Астананың қазіргі даму бағыттары мен жас елорда жетістіктері туралы хабардар болды.
Көлік және жол қозғалысын басқару саласы Форумның өзекті мәселесіне айналды. Аталған тақырып бойынша қазақстандық делегация жеңіл рельсті көлік, жылдам автобус тасымалы және интеллектуалды көлік бір-бірін толықтыратын және біріктірілген жоғары технологиялық үш жүйеден тұратын «Астана қаласының жаңа көліктік жүйесі» жобасын ұсынды.
Қабылдаушы тарап және шетел делегаттары «АСЕМ» форумы шеңберінде үкіметаралық және өңіраралық деңгейдегі ықпалдастықты кеңейту ниеттерін білдірді.
Қазақстандық делегация іс-шара шеңберінде Бангкок губернаторы Сукумбанд Парибатрамен екі жақты кездесу өткізді. Кездесу барысында Астана және Бангкок арасындағы ынтымақтастықтың ағымды жағдайы талқыланып, екі ел астаналары арасындағы серіктестіктің одан әрі дамуы мен тереңдеуі бойынша жоспар белгіленді.
-
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Арқа төріндегі Арайлы астана жылнамасы -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты -
ІІМ: Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс саны 30%-ға қысқарды -
Мәжіліс: Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауға қатысты заң жобасы мақұлданды -
COVID-19: Қазақстанда эпиджағдайға қатысты болжам өзгерді -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
ЕАЭО нарығы: Өнім сапасына қатысты заң жобасының мүмкіндіктері -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 158 мыңға жуық адам қатысты