• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда 313 млрд теңге көлеміндегі қаржылай сауықтырумен АӨК-нің 292 субъектісі қамтылды (ФОТО)

Қазақстанда 313 млрд теңге көлеміндегі қаржылай сауықтырумен АӨК-нің 292 субъектісі қамтылды (ФОТО)

13 Наурыз, 2015 13:41
Қазақстанда 313 млрд теңге көлеміндегі қаржылай сауықтырумен АӨК-нің 292 субъектісі қамтылды.Бұл туралы ОКҚ брифингінде ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Рауан Шаекин мәлімдеді.

«Қаржылай сауықтырумен АӨК-нің 292 субъектісі қамтылды, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оны 500 млрд теңгеге жеткізу керек, ол бюджетке енген өзгертулерден кейін комиссия мен бекітілді, қазір АӨК субъектілерін сауықтыру жұмыстары жалғасуда», - деді ол.

Мәжілісмен атап өткендей, қаржылай сауықтыру  пайыздың жартысын субсидиялауды, ауыл шаруашылығы субъектілерінің несиесіне қызмет көрсету мәселелерін қарастырады.

«АӨК субъектілері ЕДБ 16-18 пайыз дәрежесінде несе алып, нарықта бәсекелестікке тұра алмады. Қаржылай сауықтыру мемлекет бөлген қаржыға жарты пайызды субсидиялауды қарастырады. Мемлекет бұл жауапкершілікті өзіне алып, аталмыш несиенің жұмыс істеуін 9 жылға созады», - деді ол.

Айта кетейік, Елбасы кеңейтілген кеңес барысында дағдарысқа қарсы шаралар аясында аграрлық саланы сауықтыру бойынша шаралар қолданылу керектігін айтты.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар