• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Іскер әйелдер қауымдастығы Н.Назарбаев кандидатурасының ұсынылуын қолдайды

ҚР Іскер әйелдер қауымдастығы Н.Назарбаев кандидатурасының ұсынылуын қолдайды

13 Наурыз, 2015 13:34
Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдастығы «Нұр Отан» партиясының Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Президенті постына кандидатурысын ұсыну туралы шешімін қолдайды, деп хабарлады қауымдастықтың президенті Раушан Сарсембаева брифинг барысында.

«Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдастығы «Нұр Отан» партиясының Елбасы Нұрұлтан Назарбаевтың Қазақстан Президенті постына кандидатурысын ұсыну туралы шешімін толығымен қолдайды. Бұл бірауыздан қабылданған шешім», - деді ол.

Оның айтуынша, елімізде бизнестің дамуы үшін тұрақтылық болған жөн. «Біз жұмыссыз қалған күнімізді және бұрынғы мұғалім, медиктер мен құрастырушылардан және зияткерлік еңбек өкілдерінен құралған кәсіпкер әйелдер - жаңа категория болғанын ұмытқан жоқпыз», - деп атап өтті Р.Сарсембаева.

Қауымдастық президентінің айтуынша, біз не істерімізді білмедік, алайда Елбасына сендік. Біз көтеріліс жасаған жоқпыз, жай Қазақстанда жоқ нәрсені сатып алғы бардық. Осылайша отбасымызда, қоғамда тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтап қалдық.

«Қазақстан әйелдерінің бірінші съезінде Мемлекет басшысы барлық әйелдер қауымына үлкен алғыс білдіріп, «Сіздер өз отбасыларыңызды ғана емес, бір мемлекетті аман алып қалдыңыздар», деді», - деп түйді Р.Сарсембаева.

Барлық жаңалықтар